Қазақстан-АҚШ іскерлік кеңесі

Қазақстан ірі шетелдік инвесторлар үшін аса тартымды әріптес. Премьер-министр Асқар Мамин мен Құрама Штаттардың сауда министрі Уилбор Росс Қазақстан мен АҚШ Іскерлік кеңесінің онлайн форматтағы жұмысын бастап берді. Телекөпір режиміндегі іс-шараға жетекші америкалық компаниялардың 100-ден астам өкілдері, АҚШ Мемлекеттік департаментінің, еліміздің ұлттық компаниялары мен даму қорларының басшылары қатысты.

Үкімет басшысы нақты сектордың тұрақтылығының жоғары деңгейі аясында Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің артқанын атап өтті. Және де ұлттық экономиканың тұрақтылығын жетекші халықаралық несие агенттіктері бағалады. Өз кезегінде рәсімде сөз сөйлеген АҚШ сауда министрі және Сауда палатасының президенті Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің құрылуымен елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейге шығатынын атап өтті. Америка Құрама Штаттары – Қазақстанның ірі экономикалық, сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. ҚР тәуелсіздік алған жылдары АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны $53 млрд-тан немесе тартылған шетелдік капиталдың жалпы көлемінің 15%-інен асты.

 

Фото: primeminister.kz


×