Қазақстан бензин экспортын ұлғайтты

Қазақстандық бензиннің сыртқы нарықтарға жеткізілімдері 58 есеге артты. Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде еліміз 351 мың тонна отын экспорттады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 8 есе көп. Энергетика министрлігінің мәліметтері осындай. Айта кетейік, жыл басынан бері отандық мұнай өңдеу зауыттары авиация мен мотор отынын қоса алғанда, 3 миллион тоннадан астам бензин өндірген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда да 8 есе көп. Сарапшылардың айтуынша, отандық мұнай өнімдері ТМД, Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерінде үлкен сұранысқа ие.

ТАЛҒАТ ҚҰРМАНБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Экспорттың басым бөлігі Беларусь, Грузия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне бағытталады. Бүгінгі күні отандық мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне деген сұранысын толықтай қамтамасыз етіп отыр. Тапшылық жоқ.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

 

Фото: tengrinews.kz


×