Қазақстан мен Түркия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтысты кеңейтуде

Қазақстан мен Түркия ветеринарлық препараттар мен вакциналар шығаратын зауыт салуға ниетті. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру екі ел арасында бірқатар келісімдерге қол жеткізілгеннен кейін мүмкін болып отыр. Өндіріс ошағының құрылысы Түркістан облысында басталмақ.

ТӨРЕГЕЛДІ ҚАЛМҰРАТОВ, КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

-  Біз инвестиция тарту жөнінде үш этапқа бөліп келісімге тұрдық. Оның біріншісі 2020 жылы құрылыс жұмыстарын бастап, 2021 жылы іске қосу. 7 млн долларға арналған жоба одан кейін 25 одан кейін тағы 18  млн. Бұл отандық вакцина зауыты болып табылады.

АБДУЛЛА ТУТАР, КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

 - Сіздердің елде мал шаруашылығы жақсы дамыған. Сондықтан оларды әртүрлі сырқаттардан қорғау керек. Қазақстанда іске қосылатын зауыт, алдағы уақытта көршілес мемлекеттерді де өніммен қамтуға қауқарлы болады.

Сонымен қатар қос тарап Алматы облысында алма көшетін өсіру питомнигін салу туралы келісімге де қол қойды.

СЕРІК САДЫҚОВ, ҒЗИ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

 - Құны 20 млн доллардан асатын жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойдық. Оның 1 млн долларын инвестор бүгін беруге даяр. Біз Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарын жеміс көшеттерімен қамтимыз. Осы жоба аясында ағаштардың саулығын қамтамасыз ететін арнайы лаборотория да салынады.

Екі ел арасында өзге де бірқатар келісім жасалды. Солардың бірі – Павлодар облысында қант өндіретін зауытты іске қосу қарастырылған. Құлпынай, қант қызылшасы, майлы дақылдар өсіру үшін түрік кәсіпкерлері Қазақстанға қаржы салуға ниетті.


Фото: 24.kz


×