Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады

Ауыл шаруашылығы министрлігі шекара бекеттерінде ветеринарлық және фитосанитарлық бекеттер орнатуды ұсынуда. Азық-түлік қауіпсіздігін күшейту үшін ведомство мемлекеттік бюджеттен 3 миллиард теңге бөлуді сұрайды. Оларды қадағалаудың тиісті ұлттық жүйелерін құруға жіберу, ал шекарада республикаға әкелінетін өнімді тексеретін қосымша бекеттер қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Үкімет отырысында еліміздегі эпизоотиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар туралы айтылды. Соған орай Үкімет басшысы бірқатар тапсырмалар берді.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Ауыл шаруашылығы және әділет министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың карантинді және шектеу іс-шараларын белгілеу және алып тастау жөніндегі шешімдерін әділет органдарында тіркеу рәсімін жеңілдетсін. Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиімді бақылауды ұйымдастыру үшін ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау ұлттық жүйесін дамыту қажет.

Қазақстанда 15 жыл ішінде алғаш рет құстардың 2%-і, бұл шамамен 873 мыңдай қанатты, құс тұмауынан қырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. Министрдің айтуынша, құс тұмауы анықталған облыстардың саны сегізге, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында да құс өлімі тіркелген. Қазір ведосмтво басшысы министрлік жанынан және жергілікті жерлерде жедел штаб құрылып, карантин жарияланып, құс етін әкелуге тыйым салынғанын айтты. Ал Үкімет басшысы  Асқар Мамин құс тұмауы бойынша жағдай тұрақтанғанын және ерекше бақылауда екенін мәлім етті.

 

Фото: primeminister.kz


×