ХВҚ: Қазақстан коронавирустың алғашқы толқынын сәтті еңсерді

Дамушы елдердің бәрі бірдей биыл өршіген короновирус инфекциясының алғашқы толқынын ойдағыдай  еңсере алмады. Бұл орайда Қазақстан көпке үлгі бола білді. Халықаралық валюталық қор әлем экономикасының жаңа даму жолдарының болжамын жариялады.

Ондағы есептеулерге сәйкес, еліміздің биылғы ЖІӨ 2,7 процентке төмендейді деп күтілуде. Бұндай жағдай елімізде соңғы 30 жыл бойы тіркелмеген. Дейтұра, сарапшылардың пайымдауынша, қазіргі Қазақстан экономикасының әл-ауқаты көптеген дамушы елдердегі көрсеткіштерден әлдеқайда жақсырақ.

ВЯЧЕСЛАВ ДОДОНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Халықаралық валюталық қор алдағы жағдайды нақты болжау үшін бүгінгі таңда орын алып жатқан жағдайларға сүйенеді. Осының негізінде жылына 4 болжам жариялайды. Олардың әрбірінде нақ осы кездегі көрсеткіштердің нәтижесі келтіріледі. Сондықтан болжам дәл жасалады. Халықаралық валюталық қордың соңғы баяндамасында көрсетілгендей ең алдымен еліміздің экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуі әлемнің өзге дамушы мемлекеттерінен аз деп келтіргенін ерекше атап өту керек. Бұл дағдарыстың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың дер кезінде қолға алынуының жемісі. Бұл шын мәнінде әлем және аймақтыңжкономикалық көрсеткіштерімен салыстырғанда өте жақсы нәтиже.   

ХВҚ болжамынша, биыл Қырғызстанның ЖІӨ бірден 8 пайызға төмендеп, минус 4 тен 12 процентке дейін түсуі ықтимал. Ал Түркменстан мен Тәжікстан елдеріндегі бұл көрсеткіш бұрынғы деңгейде болмақ. Сәйкесінше, 1,8 бен 1 проценті құрамақ. Қор Өзбекстан елініңде ЖІӨ болжамын жасады. Ол шамамен 1,8 ден 0,7 процент болады деп жорамалданған. Өткен сәуірдегі  болжамына сәйкес Орталық Азия экономикасының бәсеңдеуі қатерлі індетті таратпау қамында қолға алынған шектеу шараларымен байланыстрылған еді.  

 

Фото: delo.ua


×