Нұрлан Нығматуллин: Үнемделген қаражат ауыл-аймақты дамытуға жұмсалуы керек

Нұрлан Нығматуллин: Үнемделген қаражат ауыл-аймақты дамытуға жұмсалуы керек

Семинарлар мен симпозиумдар ұйымдастыруға арналған қаражат көлемін қысқарту қажет. Ал үнемделген ақшаны әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағыттаған жөн. Парламент Мәжілісінің төрғасы Нұрлан Нығматулин осылай деп мәлімдеді. Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі жұмыс тобына мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселені қарауды тапсырды. Қабылданған шешімдер 2021-23 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілуі тиіс. Депутаттар ауылды аймақтарды ауыз сумен қамту, елдімекендерде фельдшелік-акушерлік бекеттер мен дәрігерлік амбулаторияларды ашу қажеттігін алға тартты. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, квазимемлекеттік сектордағы игерілмеген қаражаттың бір бөлігін де осы мақсатта жұмсауға болады. Спикер фракция ел билігінің тапсырмалары мен партияның сайлауалды платформасын орындауға басымдық беретінін жеткізді.

 

Фото: 24kz