Сенатта ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы заң қабылданды

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізілді. Сенат депутаттары осыған қатысты заң жобасын мақұлдады.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, хаттама былтыр Ереванда әзірленген. Құжат одақ елдерінің аумағына тасымалданатын тауарға салынатын кедендік баж сомасын айқындау нормативтерін бекітуді көздейді. Бұл нормативтер 5 мемлекеттің үлесін белгілейді. Заң жобасы бойынша Қазақстан үшін кедендік баж нормативі 7 проценттің деңгейінде болмақ.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Еуразиялық экономикалық одақ ең алдымен экономикалық дамуды, тауар айналымын арттыруды және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты күшейтуді көздейді. Қабылданып отырған заң жаңа кедендік баждарды белгілеу арқылы жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруға үлесін қосады деп сенеміз.

Хаттамада көрсетілген талаптардың орындалуын одақ елдерінің уәкілетті мекемелері жыл сайын тексереді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: 24.kz


×