Қазақстанда мемлекет пен жеке-меншік арасында 1,5 трлн теңгеге жобалар жүзеге асырылуда

Елордада Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің екінші халықаралық форумы онлайн режимінде өтіп жатыр. Беделді алаңда 30 жуық мемлекеттің сарапшылары шағын қалалар мен ауылдарға шетелдік инвестицияларды тарту мәселелерін, сондай-ақ экономикалық дағдарыстан пандемия жағдайында айналып өту жолдарын  талқыламақ.

Сонымен қатар, форумда Азия-Тынық мұхиты инфрақұрылымын қаржыландыру және МЖӘ желісінің төртінші отырысы  өтеді. Жиынға  бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда МЖӘ жүйесі негізінде жалпы құны 1,5 трлн теңгеден асатын 815 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар мектептер, балабақшалар, шағын орталықтар, дәрігерлік амбулаториялар мен ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы сынды салаларды қамтиды.

ТАЛҒАТ МАТАЕВ, ҚАЗАҚСТАН МЖӘ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бізде аймақтарда шағын МЖӘ жобалары өте қарқынды дамуда. Осыған орай сала да белсенді дамып келеді. Дегенмен ірі инфрақұрылымдық жобалар дамып жатқан басқа елдерде жағдай керісінше екенін көріп отырмыз.

 

Фото: informburo.kz