Тау-кен металлургия өнеркәсібінің жаңа мүмкіндіктері

Өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі – Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенін дамытудың болашағы туралы жетекші сарапшылар мен сала мамандары сарапқа салды. Нұр-Сұлтанда «Kazakhstan Mining Online Conference and Workshops: тау-кен металлургия өнеркәсібінің жаңа мүмкіндіктері» атты екі күндік халықаралық онлайн-конференция жұмысын басталды. Оған Қазақстан, Канада және Ұлыбританиядан 500-ге жуық делегат қатысуда.

ЭДМУНД МАРЛЕР, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛЫБРИТАНИЯ ЕЛШІЛІГІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖІНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл конференция осы саладағы ынтымақтастықты зерттеуге және дамытуға тамаша алаң болып табылады. Ұлыбритания тау-кен саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайды және бұл саланы одан әрі дамытуға мүдделіміз. Қазақстандағы кен орындарының 80 процентке дейіні игерілмегендіктен, барлаудың үлкен әлеуеті бар. Сонымен қатар, Қазақстан тау-кен секторын шетелдік инвестициялар мен жеткізуші компанияларды  тартымды ету үшін көп жұмыс жасады. Сондықтан біз қызығушылық танытып отырмыз.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты қазіргі жағдайда әлемнің көптеген елдерінің экономикасын қалпына келтіруге негіз бола алатын тау-кен өнеркәсібі екендігіне сенімді. Осы мақсатта келесі жылы Австралияда Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу жоспарланып отыр.

ЕРНАР САРЖАНОВ, ҚР ИИДМ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯ ЖӘНЕ СИРЕК МЕТАЛДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресі Нұр-Сұлтанда өтті, оған 50-ден астам ел қатысты. Осы бірнеше халықаралық конгресстер Австралияда өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресінде ғаламдық мәселелерді талқылауға дайындық алаңы ретінде қызмет етеді. Оған қазақстандық тарап та қатысады. Үкімет пен  Қазақстанның өндірістік кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен бару жоспарланып отыр.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: mining-metals.kz