Қазақстанда құс өлімі тәулігіне 22 жағдайға дейін азайды

Қазақстанда құстардың қырылуы көрсеткіші төмендеді. Бүгінде тәулігіне 22 бас қанаттының өлімі тіркеліп отыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдулданов мәлімдеді. Еліміздің 7 облысының 78 елді мекенінде құс тұмауының өршуіне байланысты қыркүйектің ортасынан бастап карантин енгізілген болатын. Сонымен бірге, Ақтөбе, Түркістан облыстарында, Шымкентте, сондай-ақ Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында кесел расталмады.

ТҰРСЫН ҚАБУЛДАНОВ ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Құс тұмауына қатысты бүгінгі жағдай қалыпты жағдайға келе жатыр. Жалпы өтемаықлар тқлеу басталды. 75 млн қаражат аударылды. 15 мың шығын болған тауықтың құжаты келіп түсті.  Осыған байланысты жұмыстар атқаралып жатыр.

Сарапшылар әлемдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі екенін атап өтті.  Бүгінде құс тұмауы 26 елде анықталып отыр. Мысалы, Ресейде вирустан 1,5 млн-нан астам құс қырылып қалған. Осыған байланысты Қазақстанда эпидемия басталғаннан бері құс тұмауына қарсы төрт миллионнан астам вакцина бөлінді. Бүгінгі күнге дейін вакцинация Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: inform.kz


×