Ескі ақшалар айналымнан алынды

Енді ескі купюралармен сауда жасалмайды. Бұдан былай  2 000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды ешбір қаржылық ұйым алмайды.  Мұның себебі, 4 жылдық айырбас мерзімінің түгесілуі,сол себепті банктер 2006 жылғы ақша үлгісін қабылдамайды. Осыған орай ескі ақшаларын айырбастап үлгермей қалған қазақстандықтардың  қағаз ақшаны өзінде қалдырудан өзге амалы жоқ.

«2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10 000 теңге үлгілері  айырбас уақыты аяқталуына байланысты  Қазақстан Республикасының аумағында, соның ішінде екінші деңгейлі банктерде, Ұлттық пошта операторы және Ұлттық банк филиалдарында  қабылдауға және айырбасқа жатпайды».

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ұлттық банк $232 млн валюталық интервенция жасады

Сондай-ақ еліміздің Ұлттық банкі валюталық  интервенция жасады. Қаржылық институттың баспасөз қызметінің хабарлауынша бұл биылғы жылдың наурыз айынан бері бірінші рет жүргізіліп отыр. Ұлттық банктың мұндай шараны  қолға алуына нарықтағы баға құбылдмалығын реттеу түрткі болған. Нәтижесінде қаржылық интервенция ауқымы 230 миллион  долларды құрады. Сатылым алтын активтерінің биржалық нарығында жүзеге асырылды.

 

Фото: tengrinews.kz