Фосфор зауыты өндіріс көлемін арттырды

Қазақстандық химия өнеркәсібінің көшбасшысы «Қазфосфат» ЖШС пандемия мен жоғары бәсекеге қатысты сын-тегеуіріндерге қарамастан құрамында фосфоры бар өнімдер бойынша  әлемдік нарықтағы жағдайын жақсартып келеді. Жыл басынан бері шығарған бар өнімдерінің 89% шетелге жіберді. Зауытта фосфор өнімдерінің 22 түрі өндіріледі. Олар 26 таяу және алыс сырт мемлекеттерге экспортталады.  Бұл көрсеткішке цехтарды жаңғырту мен оларды заманауи қондырғылармен жабдықтаудың арқасында кол жетіп отыр. Нарықтағы бәсекеге қабілеттілік пен өндірістік қуатты арттыру үшін компания «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қазақстанның даму Банкі арқылы қаржылық қолдауға ие болды.

МҰҚАШ ЕСКЕНДІРОВ,«ҚАЗФОСФАТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Ең үлкен инвестициялық жоба, біз наурыз айынан оның екінші кезеңінің құрылысын бастадық, - бұл фосфорлық тыңайтқыштардың өндірісін кеңейту. Белгіленген қуатқа біз Қазақстанның даму Банкі арқылы жеттік, өзге екінші деңгейлі банктермен 500 мыңға жеткізген едік. Келесі жылы жобаны жүзеге асырып, қолданысқа тапсыруымыз керек. Осылайша,  Қазақстанда  нақтырақ  айтсақ «Қазфосфат» базасында фосфорлық тыңайтқыштарды өндірудің көлемін бір миллион тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Қазақстанның даму Банкі экспортаушыларды қолдау бағдарламасы аясында экспорт алдындағы операциялар қызметі  және шикізат пен материалдар сатып алу үшін 2015 жылы несиелік желіні іске қосты. Бұл еліміздегі  фосфорлық өндіріс бағытында жұмыс жасап жүрген кәсіпорындарға жаңа мүмкіндіктер ашады.

МӘДИНА БӘЙМЕН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІНІҢ КЛИЕНТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ  БАНКИРІ:

- Қазақстанның даму Банкі «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі операторы болып табылады, және өз мандатының аясында отандық экспортаушыларға қолдау көрсетеді.

Кәсіпорын жыл соңына дейін 155 миллиард теңгенің өнімін шығаруды көздеп отыр. Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС-інде 6 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компанияның қоғам алдындағы жауапкершілігі табысты өндірістік қызмет, еңбек етуге қолайлы жағдай жасаумен қатар жұмысшылар мен олардың отбасына қамқорлық көрсетіп, облыс халқымен байланыс орнатуды қамтиды.

 

Фото:  kazphosphate.kz