Сенат депутаттары ауыл шаруашылығы саласын цифрландыруды ұсынды

Қазақстандық сенаторлар ауыл шаруашылығы саласындағы статистикалық мәліметтердің анықтығын қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Өнімнің анық көлемін, тұқымның шынайы сапасын, зиянкестер мен аурулардың таралу мөлшерін нақты білу... Қалыптасқан жағдайды түзету үшін саланы толықтай цифрландыру ұсынылды. Халық қалаулылары осы орайда заманауи технологияларды барынша пайдалану керектігіне сенімді.  

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Барлық дамыған елдерде жерді қашықтықтан зондтау технологиясын енгізу алдында әрбір өңір үшін қолданылатын аэроғарыштық суреттердің мағынасын ашу әдістемесі әзірленеді. Деректердің бірыңғай платформасын қалыптастыру жүргізіледі. Онсыз толық және шынайы ақпарат алу мүмкін емес. Ал бізде ауыл шаруашылығын цифрландыруда мұндай жүйелік жоқ. Басқаша айтқанда істің басын құрап алмай осындай маңызды істі шикі жас ап отырмыз. Бұл жерді ғарыштан мониторингтеуге бөлініп жатқан миллиардтаған мемлекеттік қаражаттың тиімділігіне әсер етеді.

Депутаттар мал шаруашылығында да сандық технологияларды ендіру қажет деп санайды. Бұл орайда адами фактор ықпалын толықтай жоя отырып, жануарларды есепке алу мен ветеринарлық құжаттаманы жүргізудің бүкіл жүйесін цифрлық үлгіге көшіру маңызды. Оны пилоттық режимде жекелеген өңірлерде сынақтан өткізіп, өндіріске тезірек енгізу қажет, дейді Ақылбек Күрішбаев

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық технологияларды пайдалану ауыл шаруашылығының жағдайы туралы деректердің нақтылығын арттырып қана қоймай, мыңдаған әкімдік қызметкерлерін оларға тән емес әртүрлі мәліметтер мен ақпараттарды жинау жұмысынан босатып, ал еліміздегі ветеринар мамандарды қағазбастылықтан арылтып, олардың барлығына өзінің негізгі жұмысымен айналасуға мүмкіндік береді.

Цифрландырудың басты мақсаты – сала өндіретін өнімнің сапасы мен еңбек ресурстарының тиімділігін барынша арттыру.

 

Фото: globalcentre.hse.ru