Сарапшы пікірі: Еліміз мұнай өндірісінен гөрі бағасының өсуіне мүдделі

Қазақстан мұнай өндірісінен гөрі бағасының өсуіне мүдделі. Бұл экономист Сапарбай Жобаевтің пікірі. Сарапшының айтуынша, қара алтыннның өндіріс көлемін шектеу экономикаға айтарлықтай әсер етпейді. Бар гәп құнының тым арзандығында. Қазіргі тағда еліміздегі мұнай-газ саласы ЖІӨ-нің үлесі шамамен 15% құрайды. Бұл орайда қазына кірісінің негізгі бөлігі мұнайдың экспортына тәуелді екенін ескерген жөн, дейді маман. Сонымен қатар, жаһанда «Ковид 19-дың» бәсеңдемеуі де мұнай құнына әсер етпей қоймасы анық.

САПАРБАЙ ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 - Мен ойлаймын жақында мұнайдың бағасы 45-50-лерге барады. Осы мына келер жылы пандемия бітіп, әлемдегі экономика дами бастаса, ұшақтар ұшып, бензинге сұраныс көбейе түскен кезде әрине бағасы 45-50-ге баруы керек. Бұл біз үшін қалыпты жағдай деп есептейміз.

Әзірге мұнайдың нарықтағы бағасы  құбылып тұр. Өткен аптада 4 процентке арзандады. Сөйтіп қара алтынның Brent маркасы барреліне 39 доллардан түсіп кетті. Мұның бір себебі ОПЕК-ке мүше елдер мұнайды шамадан көп тасымалдауы. Бұл орайда Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы міндеттемені орындап келеді. Энергетика министрлігі хабарлағандай өткен айда мұмай өндірудің орташа көлемі тәулігіне 1 млн 349 мың баррельді құраған.


Фото: egemen.kz


×