Қазақстан Дүниежүзілік банк зерттеуіндегі жылдық көрсеткішін жақсартты

Қазақстан Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы басқарудың индикаторлары сауалнамасында сыбайлас жемқорлыққа бақылау, үкіметтің тиімділігі, заңның үстемдігі, реттеуші ортаның сапасы, саяси тұрақтылық және Мемлекеттік есеп беру салаларында 6 көрсеткіштің 5-уін жақсартты.  

Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, еліміз екінші жыл қатарынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» индикаторының қарқынды өсуін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда  мұндағы көрсеткіш 36-дан 43,8% -ға дейін көтерілген. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк Үкіметтің мемлекеттік институттарды нығайту, олардың тиімділігін, айқындығы мен болжамдығын арттыру жөніндегі жұмысын жоғары бағалады.

Зерттеуге сәйкес, оның жұмысының тиімділігі мемлекеттік аппараттың жұмыс сапасы және саяси-экономикалық бағыттағы тұрақтылық, сондай-ақ, халықтың негізгі мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қанағаттану деңгейі саласындағы көрсеткіштердің артуы есебінен жақсарды.

 

Фото: toppress.kz


×