Қазақстанда Халықаралық инвесторлар апталығы өтуде

Ақшаны еселеу үшін қайда салған тиімді және инвестиция құюдың жаңа жолдары қандай? Қазақстанда онлайн форматта халықаралық инвесторлар апталығы өтуде. Іс-шарада жиып терген қаржысын сақтап, табысқа кенелуге ниеттілер үшін пайдалы кеңестер беріліп, саланың білікті мамандары мен іскер азаматтар дәріс оқиды. Тұтынушылар мен инвесторларды қорғау, қор нарықтары,  жасыл және исламдық қаржыландыру,қаржылық технологиялар, бағалы қағаздар нарығының құралдары, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, отбасылық қаржы сынды алуан түрлі тақырыптар аясында кез-келген адам білгендеріне білім қоса алады. Ұйымдастырушылардың бұнымен көздегені - қазақстандықтардың инвестсауатын ашу. Яғни, еліміздің әр тұрғынының табысты болуына септесу.

МҰХТАР БУБЕЕВ, АХҚО ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Адамдар ақшасын қайда салу керектігін, ондағы қауіп-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер жайында білуі керек. Әсіресе, қазіргі әлемде  өршіген пандемия кезінде бұл мәселе аса өзекті. Өйткені, халықаралық қаржы нарықтарына бұл жағдай кесірін тигізді. Жалпы қазір әлемдік экономиканың даму қарқыны баяулай түсті. Сондықтан көбін жиған-тергенін сақтап қалу, қаржыны тиімді инвестициялау, алаяқтардан сақ болу сынды мәселелер алаңдатады. Біз осы жайында әңгіме өрбітеміз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: inform.kz


×