Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы біршама арзандады

Қазақстанда доллар құны арзандап келеді. KASE қор биржасының мәліметінше, қазандағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 430,87 теңге болды. Еске салайық, мұның алдында Ұлттық банк 3-5 қазан күндері теңгенің долларға қатысты бағамы 431,12 теңге болатынын хабарлаған  еді. Ал Kurs.kz мәліметінше Алматыда валюта айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа құны 432,44 ал сатып алу 430,77 теңгеге тең. Нұр-Сұлтан қаласында сату 432,62, сатып алу 431,35 теңгені құрайды.

Доллар құнының арзандауына нарықтағы мұнай бағасы әсер етті дейді сарапшылар. Айта кетейік, ен аптада мұнай 4 процентке арзандады. Сөйтіп қара алтынның Brent маркасы баррельіне 39 доллардан түсіп кетті. Мұның бір себебі ОПЕК-ке мүше елдер мұнайды шамадан көп тасымалдап жатыр. Өткен айда мұнайдың бір тәулікте өндірілуі тамыздағы деңгеймен салыстырғанда 160 мың баррельге көп болған.

 

Фото: zakon.kz