Қазақстанда Халықаралық инвесторлар апталығы өтеді

Қазақстанда Халықаралық инвесторлар апталығы өтеді

Елордада 5-9 қазан аралығында виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығы өтеді. Осы жылы іс-шаралар онлайн-презентациялар мен онлайн-ақпараттық сессиялар форматында ұйымдастырылады. Оларға кез-келген адам қатыса алады. Іс-шараның спикерлері АХҚО сарапшылары, сондай-ақ қор нарықтары, тұтынушылар мен инвесторларды қорғау, қаржылық технологиялар, жасыл және исламдық қаржыландыру, бағалы қағаздар нарығының құралдары, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар болады.

Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 6 континентіндегі 80 елдің қаржылық реттеушілерімен Халықаралық бағалы қағаздар комиссиялары ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі.

«IOSCO қор нарығын реттеушілердің халықаралық ұйымы болып табылады. IOSCO мүшелері әлемнің 115-тен аса юрисдикциясында бағалы қағаздар нарығының 95%-нан астамын реттейді. Халықаралық инвесторлар апталығын өткізу АХҚО-ның қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша IOSCO стандарттарына адалдығын көрсетеді», - делінген АХҚО баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін екі жыл қатарынан Халықаралық инвесторлар апталығы оффлайн дәрістер форматында өтіп, оған Қазақстанның 7 бірдей қаласынан 5 мыңнан астам адам қатысқан.

 

Фото:24.kz 


×