Қазақстанда Еуразияның барлық елдері үшін Сауда-өнеркәсіптік хаб құрылуы мүмкін

Қазақстанда Еуразияның барлық елдері үшін Сауда-өнеркәсіптік хаб құрылуы мүмкін

Елімізде Еуразия аймақтары үшін Сауда-өнеркәсіптік хаб құрылуы мүмкін. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесуі барысында белгілі болды. Спикерлердің пікірінше, бұл жоба аймақ елдері арасындағы өндірістік ынтымақтастықты нығайта түспек.

Сонымен қатар, кездесу барысында ЕАДБ-ның ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жобасына және «Қазақстан-Ресей» шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы шеңберіндегі жобаларға қатысу мәселесі де қаралды.

«Біз Қазақстан аумағында, Ресеймен шектесетін ыңғайлы аймақта индустриалды-логистикалық хаб құру мүмкіндігін талқыладық», - деді қазақстандық бөлім бастығы.

ЕАДБ мен Сауда министрлігі сонымен қатар Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп ұйымдастырып жатқан «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру бойынша тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге шешім қабылдады.

«ЕАДБ басшысының«Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру перспективаларын аймақ бойынша тауарларды тарату ағындарының ажырамас жүйесінің бөлігі ретінде бағалайтындығы қуантады», - деді Бақыт Сұлтанов.

 

Фото: ehonews.kz


×