«QazTrade Accelerator»: бағдарламаның екінші кезеңінде қазақстандық экспорттаушылар не үйренеді?

«QazTrade Accelerator»: бағдарламаның екінші кезеңінде қазақстандық экспорттаушылар не үйренеді?

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «QazTrade Accelerator» Экспорттык Акселерация бағдарламасының қарқыны күшті. Енді экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуді ойластырған кәсіпкерлермен үнемі вебинарлар мен тренингтер өткізіліп тұрады. Олар Қытайдағы негізгі сату арналары бойынша практикалық ұсыныстар алып, сондай-ақ осы арналарға кіру туралы келіссөздер жүргізудің қыр-сырын білді. Сонымен қатар, экспорттаушылар жүгіне алатын қаржылық мемлекеттік қолдау шараларының жиынтығымен танысты. Атап айтар болсақ, алдын ала жартылай төлемдер, келісімшарт бойынша кейінге қалдырылған төлемдер, экспортқа дейінгі қаржыландыру, несиелерді сақтандыру. Бұл құралдар қазақстандық экспорттаушыларға сыртқы нарыққа шығу кезінде жеңілдетілген қаржыландыруға көмектесетінін атап өткен жөн.

«Шілде айының соңынан бастап біз Акселерация бағдарламасымен белсенді жұмыс істей бастадық. Екі апталық жеке кездесулер аясында Қытай нарығына экспорттаушылардың проблемалары, қатысушылардың әрқайсысының бәсекелік артықшылықтары анықталды. Экспортты жеделдетудің екінші кезеңі басталды, ол кәсіпорындарды Қытайлық серіктестермен келісімшарттарға қол қоюға дайындауды көздейді», - «QazTrade» «Сауда саясатын дамыту орталығының» бас директоры Арман Абенов атап өтті.

Айта кетейік, жақын күндері «Қытайдағы негізгі сату арналары» атты оқыту вебинары өтті. Халықаралық сарапшылар қытайлық серіктестермен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Олардың айтуынша, бүгінде Қытай әлемдегі электрондық сауда алаңдарының саны бойынша көшбасшы болып табылады. Интернет-сатылымдар Қытайдағы тұтыну тауарларының бөлшек саудасындағы жалпы көлемінің шамамен 30%-ін құрайды. Осыған байланысты сарапшылар экспорттаушыларға Қытай нарығында онлайн сату құралдарын зерттеуге ерекше назар аударуды  ұсынды.

Экспорттаушыларды қолдау аясында Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, отандық тамақ өндірушілердің өнімдері CIIE-2020 импортталатын тауарлар мен қызметтердің 3-ші халықаралық қытайлық көрмесіне қатысу үшін Шанхайға жіберіледі. Көрме 5-10 қараша аралығында өтеді. Алайда, қатысушы компаниялардың өкілдері өздерінің экспонаттарын онлайн форматта таныстырады. Бұл – экспортқа бағдарланған өндірушілерді қолдаудың тағы бір жолы, дейді сарапшылар.               

Автор: Әсел Күшенғалиева

Фото: biz360.ru