Мұнай бағасы құлдырады

Мұнай бағасы құлдырады

Мұнай трейдерлері коронавирус таралуының «екінші толқыны» басталуы мүмкін деген қауіп әлемдік экономикаға, оның ішінде шикізатқа сұранысқа қысым түсіріп жатыр деп есептейді. Сондықтан әлемді жайлаған  қатерлі індет тағы да  мұнай бағасының құлдырауына әкеліп соқты, деп хабарлайды РИА Новости.

Қазіргі таңда Brent маркасының қарашадағы фьючерсінің бағасы 4,06 процентке төмендеп, барреліне 41,4 доллар, WTI бағасы 4,45 процентке арзандап, 39,78 доллар болды.

Ал WTI маркасының қазандағы фьючерсінің құны 4,14 пайызға түсіп, барреліне 39,41 долларға төмендеді.

Қазір әлемнің көптеген елінде инфекция жұқтырғандар саны көбейді және олар карантин шараларын күшейтті.

Ливияда мұнай өндіру қайта ашылғаны туралы жаңалық та мұнай бағасына қосымша әсер етіп отыр.

 

Фото: 1prime.ru