Ипотекалық борышы бар азаматтарға 2021 жылдың шілдесіне дейін көмек көрсетіледі

Ипотекалық борышы бар азаматтарға 2021 жылдың шілдесіне дейін көмек көрсетіледі

Ипотекаға баспана алған борышкер азаматтарға қолдау көрсетіледі. Тұрғын үйге қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мерзімі келер жылдың 1 шілдесіне дейін белгіленді. Бұл жөнінде қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Бағдарлама  әлеуметтік аз қамтылған және жалғыз баспанасын банкке кепілдікке қойғандардың меншігін қайтару мақсатында қолдау жасауға бағытталған. Қаржы институты қарыз алушының жылдық 3% сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландыруды жүзеге асыру не оған кейін сатып алу мүмкіндігімен баспананы жалға ұсыну құқығын береді. Бұндай шығыстарды өтеу үшін Ұлттық Банк 44 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Банктерге ХӘОТ жататын қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын талдау негізінде негізгі борышты азайту, ай сайынғы төлемді 20 мың теңге бойынша жеңілдік берілген графиктерді белгілеу түрінде және қарыз алушының ең төменгі күнкөрістен төмен емес кірісін сақтай отырып, борыш жүктемесін жеңілдетудің қосымша тетіктерін жеке тәртіппен қолдану құқығы берілді.

«Бағдарламаның өлшем шарттарына сәйкес келетін қарыз алушыларға борыш жүктемесін азайту үшін кредитор банктерге жүгінуі  қажет. Агенттіктің сайтында қарыз алушылармен өзара іс-әрекет жасау үшін қызметкерлердің байланыс телефондары және банктердің ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мәселесін қарауы үшін қажетті құжаттар тізбесі орналастырылған», - делінген агенттік таратқан хабарламада.

 

Фото: otyrar.kz