Қазақстандық-америкалық іскерлік кеңес құрылды

Қазақстандық-америкалық іскерлік кеңес құрылды

Ресми Қазақстандық-америкалық Іскерлік кеңесі өз жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Іскерлік кеңестің басты миссиясы - АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі тереңдету.

Бүгінде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанының 30 жыл. «Атаулы дата қарсаңында ұйым екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға белсенді қатысуға ниетті» деп, атап өтті АҚШ Сауда палатасының Вице-президенті Майрон Бриллиант.

Ал Еуразия-Тынық мұхиты өңірі бойынша энергетикалық компаниясының президенті Найджел Хирннің айтуынша, Қазақстандық-америкалық Іскерлік кеңестің АҚШ Сауда палатасы құрамына кіруі бизнес қауымдастықты осы маңызды және стратегиялық қарым-қатынасты дамыту үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов АҚШ Сауда палатасында Іскерлік кеңестің ашылуын «екі елде мол мүмкіндіктердің пайда болуына ықпал ететін тарихи оқиға» деп атады.

«Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде Қазақстан АҚШ-тың сенімді серіктесі болып қала береді және америкалық компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын. Жаңа іскерлік орталық Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге қуатты серпін береді»,-дейді Ержан Қазыханов.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы жылына шамамен 2 миллиард АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өндірісі және инфрақұрылым секілді салаларда өзара сауданың одан әрі өсуіне үлкен мүмкіндіктер бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда 700-ден астам америкалық компаниялар жұмыс істейді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: egemen.kz