Сарапшылар: Президенттің Жолдауы – Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа бағыты

Сарапшылар: Президенттің Жолдауы – Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа бағыты

Президенттің жолдауы экономикалық табыстың қазақстандық формуласын шешуге бағытталған. Бұл пікірмен Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бөлімінің аға ғылыми қызметкері Бекжан Садықов бөлісті.

«Осы мәселелердің бірі жеке секторды одан әрі дамыту және жалпы іскерлік ахуалды жақсарту болды. Көптеген елдер шектеу шараларының әсерінен ең көп зардап шеккен жеке бизнесті қолдауды күшейтуге көшуде. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан да осыдан тыс қалмайды. Бүгінгі күні эпидемияға байланысты экономиканың тұрақтылығын сақтау, азаматтардың әл-ауқатына кері әсерін тигізетін жағымсыз салдарды жою үшін шағын және орта бизнесті қайта жандандыру қажет. Несиелер бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялау, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және бизнесті қолдау жөніндегі басқа да шаралар еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтайды және тиісінше халықтың қаражатын үнемдейді. Бұл әсіресе коронавирустық кезеңде маңызды. ШОБ үлесін 2019 жылы 29,5%-тен 2020 жылы 35%-ке дейін арттыруға назар аудару жеке сектордың институционалдық маңыздылығының жақын уақытта күшейе түсуіне, сондай-ақ, сәйкесінше нарықтық экономикалық қатынастарды одан әрі қалыптастыру қажеттілігін білдіреді », - деді Бекжан Садықов.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Слямжар Ахметжаровтың айтуынша, қазіргі змандағы

экономикалық курстың негізгі элементтерінің бірі адами капиталдың өсуі болуы керек.

«Шынында да, әлемдегі көптеген елдер адами капиталды инвестициялау мен мемлекеттің экономикалық өркендеуі арасындағы байланысты жүзеге асырады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан әрдайым жоғары білікті мамандарды даярлау мәселесіне ерекше назар аударып келеді», - дейді сарапшы.

Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев елдің шикізаттық аймақтарында ШОБ даму деңгейі республикадағы орташа деңгейден 2,5 есе төмен деп санайды. Бұл жергілікті ресурстардың пайдаланылмай отырғанын көрсетеді. Мәжілісмен коронавирус инфеккциясына байланысты тұралап қалған субъектілерге арналған шараларды субсидиялау бірқатар мәселелерді шешуге көмектесетініне сенімді. Атап айтқанда, банктер кепілдіктердің болмауына байланысты кәсіпкерлерді несиелерді жаңа мөлшерлемемен қайта қаржыландырудан жиі бас тартып жатады. Енді мемлекет бұл мәселені шешуді өз мойнына алуға дайын.

«Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 35% дейін арттыру, оның ішінде орта бизнесті қолдау есебінен арттыру сияқты бірқатар перспективалар өте маңызды мәлімдеме болып табылады. Осы уақытқа дейін ШОБ-ті қолдау туралы айтылған кезде, әдетте, барлық шаралар, оның ішінде мораторийлер микро және шағын бизнеске қатысты болатын. Сонымен қатар, орта бизнес, олар ШОБ-тың негізгі бөлігі болғанымен, әрдайым назардан тыс қалып келген. Орта бизнесті жүйелі түрде қолдау, соның ішінде оларды экспортқа шығарылатын жағдайға дейін өсіру туралы нұсқаулық берілді », - деп атап өтті мәжілісмен.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялаған еді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: astana.gov.kz