Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады

Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің саны күрт қысқарады.

Биыл 10 процентке, келесі жылы тағы 15 процентке азаймақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елге жолдауында осылай деді. Президент мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін айтты. Билікке тың ойы бар, жалындап тұрған жастарды тарту қажет. Шенділердің жұмысы енді балдық жүйемен бағаланады. Осалдық танытқаны қызметінен кетеді. Ал белсенділерінің айлығы көбейеді. Осылайша шенеуніктердің арасында бәсекелестік пайда болады.

«Бұдан былай министрліктерде жауапты хатшы деген болмайды. Оның түкке де керегі жоқ деді», – Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы ретте елге қажет деген бағдарламалар енді басқаша әзірленетін болды. Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігін құруды тапсырды. Бұл ұйым елдің даму бағытын айқындап, бағыт-бағдар беріп отырмақ. Статистика комитеті енді аталған агенттіктің құрамына кіреді. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

– Мемлекеттік басқару саласын жүйелі түрде реформалау керек. Алдымен кадрлық саясатты өзгертеміз. Дағдарыс пен пандемия кезінде бұл салада біраз шикіліктің бары анық байқалды. Сондықтан Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігін құруды тапсырамын. Мұндай агенттік бұрын бізде болған. Өз тиімділігін көрсетті. Сондықтан қайтадан құру қажет. 

Өзге де тақырыптар бойынша:

Қазақстан Президенті Жолдауының толық мәтіні

Жолдау 2020: дәрігерлерге арналған әлеуметтік төлемдер мен жалақы көлемі ұлғаяды

Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін тездетіп шешу керек – Қ.Тоқаев

Қазақстанда төтенше жағдайлар бойынша министрлік құрылады

Фото: 24.kz