Жолдау жүктеген міндеттер: мемлекеттік қызмет жүйесі және дағдарыстан кейінгі экономикалық даму

Жолдау жүктеген міндеттер: мемлекеттік қызмет жүйесі және дағдарыстан кейінгі экономикалық даму

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдау жасады. Онда Мемлекет басшысы еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттарына тоқталды. Ол үшін мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін айтты. Билікке тың ойы бар, белсенділігімен көзге түскен жастарды тарту көзделуде. Сондай-ақ шенділердің жұмысы енді балдық жүйемен бағаланады. Осалдық танытқаны қызметінен кетеді. Биыл мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлер санын 10 процентке, ал келесі жылы тағы 15 процентке қысқарту қажет деді президент.

«Осылайша, шенеуніктерді 25 процентке қысқарту міндетін 2021 жылда орындай аламыз. Цифрландыруды ескере отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру шешімін қабылдаймыз. Ал үнемделген қаражат есебінен жұмыста қалған қызметкерлердің жалақысы көтеріледі», – деп атап көрсетті Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұдан былай министрліктерде жауапты хатшы деген болмайды. Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады. Статистика комитеті енді аталған агенттіктің құрамына кіреді. Сонымен қатар,  Президент Төтенше жағдайлар министрлігін құруды ұсынды.

«ІІМ құрылымын бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарастыру қажет.Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи жәнетехногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайларминистрлігін қайта құру қажет деп санаймын», - деді Президент.

Жолдаудың басым бөлігі экономикалық мәселелерге арналды. Төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлерге мемлекеттен қосымша көмек көрсетіледі. Президент шағын және орта бизнесті барлық қолданыстағы кредит бойынша 6% дейінгі мөлшерлемемен мемлекеттік субсидиялауды қамтамасызетуді тапсырды. Теріс экономикалық салдарды еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік берілді. Президент субсидиялау 12 ай мерзімді қамтитынын және төтенше жағдай режимі жарияланған күннен, яғни осы жылдың 16 наурызынан басталатынын атап өтті. 

«Ұлттық банк шағын және орта бизнеске арналған айналым қаражаттытолтырудың арнайы бағдарламасын жүзеге асырады. Бұған дейін оның қызметі осыжылы аяқталады деп жоспарланған еді. Қазіргі дағдарыстық жағдайды ескеріп, осыбағдарламаның күшін 2021 жылдың соңына дейін созуды және кеңейтуді тапсырамын», - деді ол.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметіне ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің әдіс-тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. 2021 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жеркодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Бірақ жер шетелдіктерге сатылмайды.  Мемлекет басшысы кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ, аграрлық ғылымды дамытуға назар аударды.

«Технология жағынан ескірген суару жүйесі үлкен кедергі келтіріп отыр. Судың 40 проценті далаға кетіп жататын кездер болады. Онсыз да су тапшылығының зардабын шегіп отырған еліміз бұған жол бере алмайды. Осы саланың нормативтік-құқықтықтұрғыдан реттелуін қамтамасыз етіп, замануи технологиялармен инновацияны енгізуүшін экономикалық ынталандыру жобаларын әзірлеу қажет», - деді Тоқаев.

Осыған байланысты президент субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырды.

 

Фото: 24.kz