Бақыт Сұлтанов: Экономикалық интеграциялық бірлестік елдерінің арасындағы сауда – дамудың маңызды факторы

Бақыт Сұлтанов: Экономикалық интеграциялық бірлестік елдерінің арасындағы сауда – дамудың маңызды факторы

Қазақстан шетелде, соның ішінде Еуропа мен АҚШ-та сұранысқа ие «бәсекелес» өнімдер өндірісін жолға қоюы қажет. Бұл бастама тар шеңберде мамандандырылған тауарлар өндірісі үшін аса тиімді болуы мүмкін. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында осылай мәлім етті. Министр бұл авиация өнеркәсібіне қажет қосалқы бөлшектер, тепловоздар немесе қосарланған мақсаттағы өнімдер сияқты тауарлар екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов көрші елдермен ынтымақтастықты нығайта отыра, шекаралық сауданы белсенді дамыту қажеттігін атап көрсетті. Министр экономикалық интеграциялық бірлестік елдерінің арасындағы сауда – мүше-мемлекеттердің дамуын қолдаудың негізгі факторы деп атады. Оның сөзінше, сауданы барынша өңірлендіру ЕАЭО-ның басты мақсаты болуы тиіс.

«Көптеген интеграциялық бірлестіктер сауда белсенділігін танытуда, ал ЕАЭО-да ішкі сауда көрсеткіші өте төмен. Атап айтқанда, Еуропалық одақта ЕО ішінде сауда көлемі 63%, НАФТА – 47%. Еуразиялық экономикалық одақта бұл көрсеткіш 14%-тен астам емес. Әлемді д.рбелеңге салған індетке байланысты бұл кұрсеткіш 11 процентке дейін төмендеді. Бізге алдағы уақытта сауда-экономикалық интеграцияны тереңдету бойынша жұмыс жасау керек»,- деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, министр әлемдегі сауданың жалпылай тежелуі жағдайында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша 7,4 % төмендегенін жеткізді.

«2020 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы 42,5 млрд  долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ол 3,4 млрд долларға немесе 7,4% азайды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы экспорт 2019 жылмен салыстырғанда 9,1% төмендеп, 26 млрд долларды тең болды, импорт 4,6% төмендеп, 16,5 млрд долларды құрады. 2019 жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш 17,3 млрд доллар құраған еді», - деп қорытындылады ҚР Сауда және интеграция министрі.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: zhasalash.kz