Кәсіпкерлер кәсіптерін қайта жандандыруда: www.infokazakhstan.kz порталына 17 мыңнан аса өтініш түскен

Кәсіпкерлер кәсіптерін қайта жандандыруда: www.infokazakhstan.kz порталына 17 мыңнан аса өтініш түскен

Бизнес www.infokazakhstan.kz порталын шабуылдауда. Карантинге байланысты болған үзілістен кейін қазақстандық кәсіпкерлер жұмыстарын қайта бастау үшін аталған сайтта тіркеліп жатыр. Бұл портал арқылы қызметті жандандыруға рұқсат беретін құжат алынады. ШОБ субъектілері сайтқа кіріп, санитарлық талаптарға сәйкестігі туралы акт алу қажет. Бір тәулік ішінде 17 мыңнан аса өтініш түскен.

«Бизнестің санитарлық қауіпсіздік талаптарына барынша жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Өйткені бұл талаптар Кәсіпкерлер Палатасы базасында кеңінен талқылаудан өтіп, қабылданды. Айта кету керек, бизнестің жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, біз кәсіпкерлік қызмет түрлерінің 90 пайызына дейін хабарлама жасауға келістік.  Мұндай жағдайда бизнес санитарлық талаптарды қатаң сақтауға кепілдік береді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Тексерудің жоқтығы жауапкершіліктен босатпайды. Тікелей тексеруші келмегенімен,  қоғамдық қадағалау, кез-келген келуші құқық бұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органдарға жібере алады. Шағым түсіп жатса, мониторинг топтары тексеруге келеді. Қазақстанда қоғамдық бақылау бар екенін ұмытпаған жөн. Талаптардың бұзылуы туралы СЭС-ке хабарламаны да осы www.infokazakhstan.kz порталы арқылы жіберуге болады.

Авторы: Данагүл Біләлова

 

Фото: inbusiness.kz