Автомобиль көлігімен жүк тасымалдаудан түскен табыс 80 млрд теңгеден асты

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдаудан түскен табыс 80 млрд теңгеден асты

Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, түскен табыс 80,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7% артық. Елдегі төтенше жағдай, карантиндік іс-шаралар, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және жүктерді жеткізу географиясының қысқаруына байланысты тасымалдардың жалпы көлемінің азаюуы одан түскен табысқа әсер етпеген.

«Биылғы 6 айда автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% аз.  Ол кезде көрсеткіш 1,57 млрд тоннаны құраған. Осы жылдың 6 айында автомобиль көлігімен жүк айналымы 69,5 млрд тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға аз.  Былтыр ол 80,5 млрд тонна болған», —делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда аталмыш сала мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие. Атап айтқанда, ҚР Салық кодексіне жүктерді халықаралық тасымалдауға тартылған ершікті тартқыштар үшін бастапқы тіркеу алымын төлеуден босату тұрғысынан түзетулер енгізілді. Экономикалық өсімді қалпына келтіруа ясында 2020 жылдың соңына дейін халықаралық автомобиль тасымалдары операторларын кәдеге жарату алымынан және ершікті тартқыштар үшін бастапқы тіркеу алымынан босатуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Темір жолмен тасымалда да өсім байқалады. Жарты жыл ішінде теміржол көлігімен 196,6 млн тонна тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3% артық. Осы уақыт аралығында жүк тасымалы штаттық режимде жүзеге асырылды.

Көмір тасымалына қатысты айтатын болсақ, жыл соңына дейін 50 804 мың тоннасын тиеу көзделіп отыр. Оның – 37 620 мың тоннасы облысаралық болса, 17 184 мың тоннасын экспортқа жөнелтілту көзделген. Қазір Қазақстанда 58 мың жартылай вагон жүріп жатыр. Оның жартысынан астамы, яғни 32 мың бірлігі көмір тасымалдауға тартылған. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: total.kz