COVID-19-мен індетімен күреске қарамастан, азық-түлікпен қамтамасыз ету үзілген жоқ

COVID-19-мен індетімен күреске қарамастан, азық-түлікпен қамтамасыз ету үзілген жоқ

Дүниежүзінде COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты халықты азық-түлік өнімдерінің тізбегін тұрақты ұтсап тұру үшін ынтымақтастықты адан әрі нығайта түсу қажет.

Осы мақсатта бүгін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы және Ислам сауда-өнеркәсіп палатасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Қол қою рәсімі «ИЫҰ елдерінде қосымша құны бар азық-түлік тауарларының бірыңғай нарығын құру» халықаралық бейнеконференциясының қорытындысы негізінде  өтті.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (ИЫҰ жанындағы IOFS) бас директоры Ерлан Байдәулет өз кезегінде ислам елдерінің ауыл шаруашылығы министрліктері мен бизнестің өзара іс-қимылының қажеттілігін атап өтті.

«Біз АҚИҰ/ИЫҰ елдерінде қосылған құнның бірыңғай нарығын құру арқылы тамақ өнеркәсібін дамытуымыз керек. Осы елдердің бизнес құрылымдары арасында өзара сауданы кеңейту, исламдық қаржыландыруды тарту, экспорт пен импортты ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Сондай-ақ, өзіміздің ауылшаруашылық өндірісті жандандыру және қайта өңдеу өндірісін бір ізге қою, сонымен қатар ислам елдеріне азық-түлік жеткізілімін ұлғайту үшін «халал» және «табиғи» өнімдерді өндіру, өңдеу және сертификаттау жүйесін құру қажет»,- деді ол.  

Cондай-ақ Ерлан Байдаулет АҚИҰ Қазақстанның Халықаралық тамақ өнеркәсібі қауымдастығын (IFPA) құру туралы бастамасын қолдағанын атап өтті, оны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров АҚИҰ Бас ассамблеясының 2019 жылғы тамызда Сауд Арабиясы Корольдігінің Джидда қаласында өткен 2-ші отырысында айтқан. Сонда IFPA құру туралы қарар қабылданған болатын.

«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы IFPA негізгі міндеттерін іске асыру үшін Ислам сауда, өнеркәсіп және ауылшаруашылық палатасын (ИЫҰ жанындағы ICCIA) стратегиялық серіктестікке жеке және мемлекеттік секторлармен өзара әрекеттесудің тиімді тетіктерін құруға шақырды», - деп толықтырды Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры.

IFPA негізгі міндеті өзара сауданы кеңейту, исламдық қаржыландыруды тарту, ақпарат алмасу, өзара тиімді байланыстар орнату және көлік мәселелерін бір іздендіру мақсатында мемлекетаралық деңгейде заңнамалық және реттеуші мәселелерді шешу жолымен IOFS / ИЫҰ елдерінің тамақ өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатындығын айта кеткен жөн.

Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен Ислам сауда-өнеркәсіп палатасының (ИЫҰ жанындағы ICCIA) бас хатшысы Юсуф Хасан Халави де бар. Қатысушылардың барлығы ұсынылған бастамаларды қолдау білдірді.

 

Фото: 24.kz