Сарапшылар бес жылдан кейін мұнай бағасы барреліне 150 долларға дейін барады деген болжам жасады

Сарапшылар бес жылдан кейін мұнай бағасы барреліне 150 долларға дейін барады деген болжам жасады

2025 жылға қарай мұнай бағасы барреліне 150 долларға жетуі ықтимал. Бағаның шарықтауына қара алтын өндірісінің қысқартылуы мен салаға инвестиция салу ауқымының күрт қысқаруы ықпал етеді. Бұл туралы мұнай нарығындағы ахуалды сарапқа салған сарапшы мамандар мәлімдеді.

«Қаржыны қысқартудан болатын қысымның салмағы да зор. Кейбір өндірушілер нарықтан біржола кетеді», - деп мәлімдеді Northern Trace Capital қорының өкілі Тревор Вудс. Оның сөзін The Wall Street Journal жариялады.

Сарапшылар бұл үрдістің салдары ұзаққа созылады дейді.ьСалаға қаржы салуды қысқартудың себебінен мұнай өндірісі көлемі тәулігіне 5 миллион баррелге дейін қысқарады.Ал бұл дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен   5% кем.  Мұнай өндіруші компанияларға сұранысты өтеп отыру үшін шамамен 10 жылда 625 миллиард доллар қосымша инвестициялауға тура келеді. Осылайша мұнай бағасы екі жылда-ақ барреліне 100 доллардан оп-оңай-ақ асады. Алайда қара алтынды барреліне 100 доллардан саудалау 2020-ның екінші жартысынан кеш болмайды деп есептейтіндер бар

Айта кетсек, 13 шілдедегі сауда қорытындылары бойынша мұнай бағасы біршама түскенін байқауға болады.  Мәселен, WTI тамыз айындағы фьючерсі барреліне 40,27 долларға бағаланды.

Еске салсақ, мұнай құнының құбылмалығы наурыз айының басында басталды.Ол кезде  ОПЕК+ мүше мемлекеттер ортақ шешімге келе алмаған еді. Келісімнің бекітілмеуі бағаның құлдырауына ұласты. Енді ұйымның кезекті отырысы 15 шілдеге белгіленді. Әлемдік нарықтағы ахуалдың жақсаруына байланысты көптеген елдер тамызда мұнай өндірісін көбейту туралы уағдаластықтан үмітті болып отыр.

 

Фото: kem.kp.ru