Жамбыл облысында жаңа жел электр стансасы салынуда

Жамбыл облысында жаңа жел электр стансасы салынуда

Жамбыл облысындағы Талас ауданында жаңа жел электр станциясы салынып жатыр. Қазір 6 турбина орнатылып, құны 3 млрд 200 млн теңгенің инвест жобасы аяқталды. Жел электр станциясы Қаратау жотасын бойлай салынып жатыр. Толықтай инвестициялық жоба. Жүзеге асқан уақытта жылына 22 мегаваттан астам электр қуатын өндіреді.

«Қазір іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Шілденің соңына дейін қосамыз. Ол үшін 7 станцияны орнатып қойдық. Қазір жұмыстың 70 проценті бітіп тұр»,- дейді аға механик Василий Кравченко.

Бастапқыда бұл жел электр станциясын цианид шығаратын зауыттың жанына салу жоспарланған. Алайда геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шешім өзгертілді. Мамандар желдің бағыты мен соғу уақытын зерттеп, тиімді тұсты тапқан.

«Жел бағытының траекториясына қарай осы мына Көкталдың желі көбінесе көп болады. Өзі бір сондай ауыз, желдің өті. Сондықтан сол жер таңдалып жел беріліп, жұмыс екі жыл бұрын басталып кетті»,- дейді Талас аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Таубасаров.

Талас ауданында жасыл экономиканы дамыту бағытында жалпы құны 9,2 миллиард теңгенің 5 инвест жобасы жүзеге асады деп жоспарлануда. Оның екеуі мәреге жетті. Енді екінші кезеңде жылдық қуаты 13,5 мегаватт болатын 9 қондырғы тұрғызылмақ.

«Бұл 20 жылы биыл басталып, ендігі жылы жұмысын аяқтайды. Әрқайсысы 1,8 миллиардтан инвестиция тартылды ауданға. Қосымша жұмыс орны он-оннан 20 адам жұмысқа тартылатын болады. Қазір құрылыс уақытысында әрқайсысы 14-тен 28 адам жұмыс жасап жатыр», - дейді Талас аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Таубасаров.  

 

Фото: 24.kz