Astana Finance Days: сарапшылар ТМД елдеріндегі венчурлік капиталдың экожүйесін талқылады

Astana Finance Days: сарапшылар ТМД елдеріндегі  венчурлік капиталдың экожүйесін талқылады

Пандемия венчурлік нарыққа қалай әсер етеді және оның әлеуеті қандай? Осы және өзге жаһандық деңгейдегі сұрақтардың жауабын сала мамандары Astana Finance Days онлайн-конференциясының бүгінгі жиынында іздеді. Аса өзекті талқылауларға Қазақстан, Ресей және Орталық Азия аймағындағы венчурлік қорлар, қауымдастық өкілдері мен инвесторлар қатысты. Олардың айтуынша, қазақстандық стартаптар енді дамып келеді. Алайда, AIFC Fintech hub, Astana hub және TechGarden сынды акселерациялық бағдарламалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. Аталмыш нарықтың өсіміне «Астана» халықаралық қаржы орталығының да қосар үлесі басым.

«AХҚО құзыреті енді ғана басталып келеді. Дегенмен онда жазылған қағидалар ТМД үшін басты бағыт болып келеді. Мүмкін, ТМД ең үздік үлгілердің бірі шығар»,- деді Starta Ventures серіктестігінің негізін қалаушы және бас серіктесі Алексей Гирин.

Жалпы, қатысушылардың пікірінше, ТМД елдеріндегі стартап-идеялар мен жобалар нарығы жеткілікті дамымаған және ірі корпоративті ойыншы болу үшін Ұлыбритания, АҚШ және Қытай сияқты жаһандық нарықтарға шығу қажет.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: docplayer.ru