Н. Ноғаев: Қазақстан үстіміздегі жылдың тамыз-қыркүйек айларында мұнайдың артық өндірілуін өтейді

Н. Ноғаев: Қазақстан үстіміздегі жылдың тамыз-қыркүйек айларында мұнайдың артық өндірілуін өтейді

Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға дайын. Бұл туралы ұйым министрлерінің мониторингі комитеті отырысында еліміздің энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мамырда Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерінің орындалуы 71% құрады. Өндірістің жалпы көлемі 3,13 миллион баррельге тең келді. Бұл саланың инерттілігімен тікелей  байланысты. Сонымен қатар Ноғаев артық өндірілген өнім ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өндірістің қосымша төмендеуіне байланысты өтеледі деп атап өтті.

Министр Қазақстан ОПЕК+ келісімін, сонымен қатар оның мұнай саласына оң әсерін жоғары бағалайтынын да жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біздің еліміз мамыр және маусым айларында мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге азайтуды басты міндет етіп алған еді.

Айта кету керек, былтыр елімізде мұнай өндіру көлемі 90,5 миллион тоннаны құрады. 2020 жылы республика 86 миллион тонна «қара алтын» өндіруді жоспарлап отыр.

 

Фото: inbusiness.kz