Ұлттық қордың жинақтаушы қызметі күшейтіледі

Ұлттық қордың жинақтаушы қызметі күшейтіледі

Ұлттық қордың жинақтаушы қызметі күшейтіледі. Бұл жөнінде Сенаттың жалпы отырысында еліміздің қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді. Атап өтсек, ҚР Парламентінің жоғарғы палатасында 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалған болатын.

«Ұлттық қорға жалпы 4,5 трлн теңге түсті. 2019 жылдың аяғына қарай қордың активтері 27,5 трлн теңгеге теңесті. Бюджеттің басымдыққа ие бағыттарын Ұлттық қордың трансферттері есебінен қаржыландыру қалыпты жағдайға айналып кетті. Осыған байланысты қордың жинақтық қызметін заңнамалық тұрғыда күшейту көзделіп отыр», - деді қаржы вице-министрі Татьяна Савельева.

Оның айтуынша, депутаттардың ұсынысымен квазимемлекеттік сектордағы субъектілердің дивидендтік саясаты өзгерген.

«Биылдан бастап квазимемлекеттік сектордың субъектілері 2019 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 100 пайыздық дивиденд төлеуді қамтамасыз етеді. Бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту үшін квазимемлекеттік субъектілердің есебіндегі пайдаланылмай қалған қаражатты бюджетке қайтару бойынша жұмыс басталып кетті. 1 маусымдағы жағдай бойынша 8,6 млрд теңге республикалық бюджетке қайтарылды», - қаржы вице-министрі.

 

Фото: turkystan.kz