COVID-19 қазақстандық тауар өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр

COVID-19 қазақстандық тауар өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр

Оннан астам отандық кәсіпорын коронавируспен күреске арналған өнім шығарушы компаниялардың жаһандық тізіміне енді. Азия даму банкі пандемия кезінде аса маңызды тауарларды тасымалдау мәселелеріне қатысты зертеу қорытындыларын жариялады. Қатерлі індет жаһан деңгейінде өршіген сәтте елдер қорғаныш құралдарымен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілмей,  медициналық жабдықтардың тапшылығы сезілді. Бұндай сұранысқа әлемдік өндіріс дайын болмаған. Ал өзге елдерден жеткізу төтенше жағдайға қатысты жарияланған шектеулерге байланысты мүмкін болмады, дейді халықаралық қаржы ұйымының мамандары. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының таратқан мәліметтеріне сәйкес, ай сайын пандемиямен күресу үшін 89 миллион медициналық бетперде, 76 миллион жұп перчатка мен қорғаныш көзілдіріктерінің 1,6 миллион данасы қажет. Жыл басынан бері COVID-19 жылдам тарауы аталған құралдардың әлемдік қорын сарқылтты. Өндірістік тапсырыстарды орындау көрсеткіші 6 айға шегерілді. Сұранысты қанағатандыру үшін өндірісті 40% арттыру қажет», - дейді зерттеу авторлары.

Коронавируспен күреске арналған тауарларды шығаруға қажетті шикізат пен құрамдас бөліктерін іздеп табуды жеңілдету үшін Азиялық банк жеткізілім тізбегінің интерактивті картасын құрған.

«Тасымалдау тізбегіне қатысты мәселелерді шешу үшін, өнім құрамына кіретін компоненттердің толық сипатамасы мен оған қатысатын бар компанияларды анықтап алуымыз керек. Осы деректерді қартаға еңгізу арқылы банк, инвесторлар мен үкіметтердің тасымалдауға қатысты мәселелерін дереу шешуге септесуді көздеп отырмыз», - дейді АДБ қаржы, сауда және жабдықтау бойынша басқармасының басшысы Стивен Бэк.

Интерактивті картаның көмегімен әлем бойынша осы өндіріске қатысты барлық компаниялардың атауы, орналасқан жері, айналымы сынды өзге де мәліметтермен танысуға болады. Бұл тізімде қазақстандық компанияларда бар. Елдің әр өңірінде шоғырланған кәсіпорындар медициналық көзілдіріктер, респираторлар мен жасанды өкпе желдеткіш аппараттарын құрастыруға қажетті компоненттер мен шикізат өндіреді. Енді олардың алдында төл өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру сынды үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр.

 

Фото: cabar.asia