Экономистер жылжымайтын мүлікке қаражат салуға кеңес береді

Экономистер жылжымайтын мүлікке қаражат салуға кеңес береді

Коронавирус пандемиясы, мұнай бағасының төмендеуі – қазақстандықтардың әл-ауқатына тікелей әсер етуде. Сондықтан кез-келген жинақтары бар кәсіпкер азаматтар инвестиция салып, пайда көретін кез келді Кейбір адамдар жинақтарын құнды қағаздар мен облигацияларға сала бастайды. Бірақ қор нарығының қыр-сырын түсінбейтіндер үшін не істеу керек? Сарапшылар жылжымайтын мүлікті сатып алуды бүгінгі күні ең тиімді және сенімді актив деп санайды.

«5-10 жыл баға өзгеше болғандықтан, тұрғын үй сатып алған адам, өкінішке орай ұтылды деп саналатын. Ал бүгінгі жағдай өзгеше. Кімде-кім осы салаға инвестиция салса, 5-6 жылдан кейін 40% кіріс алады», - дейді экономистер.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның әр аймағындағы жылжымайтын мүліктің орташа құны әртүрлі, сондықтан кіріс көзі де сәйкесінше болады. Мәселен, Ақтау тұрғындары 1 бөлмелі пәтерді 6 миллион теңгеге сатып ала алады. Павлодарлықтар үшін 7 миллион теңгеге шақ келеді. Атырау, Орал және Талдықорғандағы пәтерлердің бағасы орташа есеппен - 8 млн. Қарағанды ​​мен Өскеменде біршама қымбаттырақ, мұнда бір бөлмелі тұрғын үй бағасы - 9 млн теңгеге бағаланады. Инвестицияның ең көп мөлшері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиселі. Сәйкесінше мұнда пәтер бағасы 13 млн және 15 млн теңгеге тең.

 «Жылжымайтын мүліктің құны, әр түрлі қаржылық тұрақсыздықтарға қарамастан, әдетте оның өсу деңгейінде бір қалыпты. Үй сатып алғанда, мүліктің сипаттамасын, оның орналасқан жерін, құрылыс компаниясының тәжірибесі мен беделін ескерген жөн», - дейді мамандар.

 

Фото: Total.kz