Қазақстан өзенмен жүк тасымалын ұлғайтады

Қазақстан өзенмен жүк тасымалын ұлғайтады

Атырау өзен порты өз жұмысын қайта бастады. Жайық-Каспий каналының түбін тереңдету нәтижесінде шетелден ірі габаритті жүктер қабылдауға мүмкіндік ашылды. Теңіз қатынасы мен логистика жолға қойылды.

«Бұл жүктердің кедендік ресімделуін жеңілдету және шекараны ашу мақсатында жергілікті билік өзен портының аумағында Орал-Каспий каналының сағасында шекара ашып, кедендік бақылау аймағын құрды. Бұл уақыт пен шығындарды үнемдеуге мүмкіндік берді, өйткені бұрын барлық құжаттық рәсімдер Баутинода өтеті еді»,- дейді өзен портының директоры Азамат Зұлқарнаев.

Бұған дейін Атырау өзен порты жергілікті мұнай өндіруші және мұнай-сервистік компанияларға әкелінген құрал-жабдықтарды қабылдайтын, енді газ-химия кешенінің қондырғылары да аймаққа теңіз арқылы жеткізілетін болады. Мәселен, пропан сақтайтын резервуарлар Оңтүстік Кореядан әкелінген. Барлығы портқа салмағы 4 мың тоннадан асатын 25 резервуары бар баржалар әкеліну жоспарланған. Портқа келгеннен кейін жүкті 1250 тонналық екі ауыр салмақты кранмен түсіреді. Резервуарлар белгіленген орынға дейін модульді транспортерлер арқылы жеткізіледі.

«Қазіргі уақытта біз мұнай-химия кешені үшін 532 тонна салмағы бар ірі көлемдегі жүкті қабылдап тұрмыз. 2 баржа жеткізілді, осыдан кейін тағы үш баржа келеді»,- дейді өзен портының қызметкері Руслан Асанов.

Жанданған өзен порты жұмысының арқасында шетелдерден азық-түлік, сондай-ақ өзге де тауарларды тасымалдауға мүмкіндік ашылды. Теңіз-кеме қатынасы халықаралық трассалар мен автомагистральдарға шамадан тыс салмақ салудан сақтайды, сондай-ақ уақыт пен қаржы да үнемделеді.

 

Фото: casp-geo.ru