Сарапшылар: Әлемдік нарық қайта жанданып жатыр

Сарапшылар: Әлемдік нарық қайта жанданып жатыр

Қытайдың өндірістік саласында іскерлік белсенділіктің күрт артып келетіні байқалады. Сарапшылардың пікірінше, аспан асты еліндегі бұл өсім өзге мемлекеттердің жалпы ішкі өнімнің қарыштауына оң ықпал туі мүмкін. Бейжіңнің экономикалық және технологиялық даму аймағы қайта жаңғыра бастады. Көптеген шетелдік компаниялар тұтынушылық аясы мен әлеуеті кең Қытай нарығында жұмыс жасауға ниетті. Олардың қатарында жапондық заманауи пневматикалық технологиялар бағытында қызмет көрсететін кәсіпорын бар. Бас директоры Ма Цинхайдың айтуынша, қаңтар мен сәуір аралығында өткен жылғы дәл осы мерзіммен салыстырғанда компанияның өнідірістік қуаты 10% астам артқан.  Сәйкесінше, өндіріс іргесін кеңейту жоспарланып отыр.  

«Жапондық кеңседен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Қытайдан кету жоспарда жоқ. Керісінше алдағы шілде айында  Бейжің мен Тяньцзиньдағы зауытарда біздің жаңа бағдарламаны  іске қосу көзделіп отыр. Оның аумағы шамамен 360 мың шаршы метрді құрайды. Біз Қытай нарығына инвестиция құюды жетілдіре түсеміз», дейді Ма Цинхай.

Технологиялық жаңғырудың ортасында жүрген Ма Цинхайдың айтуынша өндіріс көлемі әлі қарқын ала түседі. Бұрынғы байланыстар жанданып, беки береді. Көлік құрастыратын ірі германиялық зауыт болашағына сеніммен қарайды.

«Біз тоқтап қалған нарықтың қайта күшіне еніп келетінін көретін күннің жеткеніне өте  қуаныштымыз. Біз осы жағдайды пайдаланып қалу үшін бағаны көтеру сынды қысқа мерзімді шешімдер қабылдамай, көшке ілесіп жұмыс жасайтын боламыз», - дейді неміс автоөндірісінің еншілес компаниясының бас директоры Арно ван дер Мерве.

Шетелдік компаниялар аспан асты елінің экономикасы өзге мемлекеттерге әсері барын жақсы түсінеді. Сондықтан мүмкіндікті қалт жібермей төл жобаларын дереу іске асыруға жаппай кірісіп жатыр.

 

Фото: ulsu.ru