Елімізде бизнесті қолдау үшін 160 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді

Елімізде бизнесті қолдау үшін 160 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында кәсіпкерлер 8% мөлшерлемемен 12 айға дейінгі мерзімге жеңілдетілген несие алған. Бұл туралы Қазақстанның тұрақты даму қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда банктер 1116 ШОБ субъектісіне несие берді. Сала бойынша көшбасшылардың үштігіне: көтерме және бөлшек сауда, өндіріс және құрылыс өкілдері кіріп отыр.

Еске салсақ, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясының ел экономикасына тигізетін жағымсыз салдарын жоюға байланысты тапсырмасы бойынша қолға алынған болатын.

Шағын және орта бизнесті, төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 600 миллиард теңге бөлді. Бағдарламаны Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және елдегі ірі 12 банпен бірлесіп жүзеге асырып отыр.

 

Фото: kursiv.kz​