Қазақстанда карантинге қарамастан, шағын кәсіпкерлік нысандары артқан

Қазақстанда карантинге қарамастан, шағын кәсіпкерлік нысандары артқан

Елімізде белсенді шағын компаниялардың саны артқан. Сәуір айында карантинге қарамастан, олардың саны 1%-ке көбейген. Ranking.kz мәліметтері осыны дәлелдейді.

Ең көп өсім Алматы және Шымкент қалаларында байқалған. Айта кетерлігі, елімізде тіркелген заңды тұлғалардың 98%-тен астамы – шағын компаниялар. Сәуір айының соңында олардың саны 442,2 мың болған. Бұл өткен жылдағыдан 3,1%-ға көп.

Ал бір жыл ішінде жұмыс істейтін шағын компаниялардың саны 307,7 мыңға дейін артқан. Оның ішінде 161 мыңы – белсенді бизнес нысандары.  Барлық кәсіпорындардың төрттен бір бөлігі сауда саласында, автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу секторында, білім және құрылыс салаларында жұмыс істейді.

Белсенді шағын компаниялардың 40%-тен астамы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында, тағы біразы, Қарағанды облысында орналасқан.

 

Фото: atameken.kz