Дүниежүзілік банк: 60 миллион адам коронавирус салдарынан кедейлікке ұшырайды

Дүниежүзілік банк: 60 миллион адам коронавирус салдарынан кедейлікке ұшырайды

COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыс салдарынан әлемде 60 млн адам кедейшілікке тап болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Мэлпас мәлімдеді. Тиісті мәлімдеме ұйым сайтында жарияланды. 

Халықаралық қаржы ұйымының басшысы бұл кедейлікпен күрестегі үш жылдық жұмыстың нәтижесінде қол жеткізілген жетістіктерді жойып жібереді деп атап өтті.

Экономикалық өсуді қалпына келтіру үшін маман төтенше жағдайда тез әрі жылдам әрекет етіп,  сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтары мен жеке секторға қаржылық қолдау көрсетілу керек екендігін атап өтті. Сонымен қатар, оның айтуынша, әр мемлекет өз экономикасын нығайтуда барынша күш жұмсау қажет.

Мәлімдемеде Дүниежүзілік банк дамушы елдерге COVID-19 пандемиясының зардаптарын жою үшін 160 млрд бөлінетіні айтылған. Бөлінген қаражат 15 ай ішінде гранттар, инвестициялар және несиелер түрінде ұсынылатын болады.

 

Фото: interfax.ru