Мұнай бағасы рекордтық деңгейге жетті

Мұнай бағасы рекордтық деңгейге жетті

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 33 долларға саудаланып жатыр. Бұл – 13 сәуірден бергі ең жоғарғы баға. Мұны Лондонның ICE биржасындағы сауда-саттық деректері растайды. Ал WTI маркалы мұнай бағасы 30 долларға дейін көтерілді. Бұл «қара алтынның» бір айдағы рекордтық бағасы.

Сарапшылар мұнай нарығындағы жандануды ОПЕК + мұнай картеліне мүше елдердің 12 сәуірдегі келісімдерімен байланыстырады. Онда мамыр мен маусым айларында көмірсутегі өндірісін тәулігіне 10 миллион баррельге, екінші жартыжылдықта шамамен 8 миллионға және 2022 жылдың сәуірінің аяғында 5,8 миллионға қысқарту туралы шешім қабылданды. Бірқатар елдердің, соның ішінде Сауд Арабиясының өндірісті өз еркімен төмендету туралы шешімі бағаға да оң әсер етті.

Естеріңізге сала кетейік, ірі мұнай өндіруші елдердің келісімі мұнай нарығындағы бағаның күрт құлдырауына ұласты.

Сондай-ақ коронавирус пандемиясы мен көмірсутектерге сұраныстың төмендеуі де баға мәселесінің шиеленісуіне түрткі болған еді.

 

Фото: caspianbarrel.org