АДБ сарапшылары Қазақстанның аймақтарында шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты өз ұсыныстарын берді

АДБ сарапшылары Қазақстанның аймақтарында шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты өз ұсыныстарын берді

Қазақстанның аймақтарында шағын және орта бизнестің үлесін қалайша арттыруға болады? Бұл сұрақтың жауабын Азия даму банкінің сарапшылары іздеді. Зерттеу Қостанай облысындағы сала көрсеткіштерін саралау негізінде жүргізілді.

1. Бизнесті шоғырландыру. Өңірде тіркелген 14 мыңға тарта шаығн және орта бизнес субектілерінің тек жартысы ғана 7 мыңға жуық кәсіпорын белсенді жұмыс жасап келеді. Сауалнама нәтижесіне сай кәсіпкерлердің дені төл өнімін бір ғана елді мекеннің ішінде өткізетінін айтқан. 10 шаруа қожалығының  тек біреуі ғана өзге аймақтарға шығатын көрінеді. 7% ресейге экспорттаса, 1% тауарын өзге елдерге шығарады екен. Көбі тек саудамен айналысады. Қалған бөлігі құрылыс, білім беру, мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы сынды салаларда қызмет жасайды.

Қостанай облысының  ШОБ секторының салалық құрылымы (2019)

2. Ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізу. Зерттеу көрсеткендей, өңірдегі әр 10 кәсіпкер ғана жеке ісінің іргесін кеңейтуге бел буған. Қалғаны ол үшін жеке не сырттан кіретін қаржының жетіспейтінін алға тартып отыр. Дейтұра, сауалнамаға қатысқандардың тек 15,7% қазіргі таңда өтеп жатқан несием бар деп жауап берген. Оны көбі кәсіпорынды дамыту үшін емес, күнделікті қаражат  айналымы үшін рәсімгеген. 

3. Тұрығындардың жиі қоныс аударуы. Көші-қон мәселесі де бизнестің тұрақтауы мен бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Соңғы 5 жылдың ішінде облыстан 178 408 адам көшкен. 87% Қазақстанның басқа өңірлеріне қоныс аударса, 13%  ел шекарасын асып кеткен.

Зерттеу қорытындысы бойынша, АДБ сарапшылары елді-мекендерде шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстарын берді.

Жергілікті билік өкілдері облыс орталықтары және ірі елді-мекендер мен шағын ауылдардың арасындағы байланысты жандандра түсу керек. Аймақ ауылсыз дами алмайды. Сондай-ақ, өңірлерде қаржыландыру, ақпарат пен адам ресурсына қолжетімділікті арттыру қажет. Мемлекеттік қызмет түрлері мен бизнес қауымдастықтың жұмысын жеңілдете түсу керек. Бұл әсіресе жерді пайдалану, өндірістік нысандарды іске қосу, коммуналдық желілерді тарту, құрылыс жүмыстарын жүргізуге қатысты рұқсат құжаттарын беру тәртібі мен мемлекеттік сатып алуларға қатысты.

Сондай-ақ, өңірлердегі бизнесті республканың өзге аймақтары мен әлемдік үздік тәжірибелерді ендіру арқылы дамытуға болады. Ол үшін облыстағы ірі технологиялық компанияларды тартып, заманауи қызмет түрлеріне жүгіну керек.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: azattyq-ruhy.kz