Мемлекеттік қазынаны оңтайландыру: кім және қанша қаржы үнемдейді?

Мемлекеттік қазынаны оңтайландыру: кім және қанша қаржы үнемдейді?

Еліміздегі миниcтрліктер мен әкімдіктер шығындарды оңтайландыруға кірісті. Еске сала кетейік, өткен наурыз айында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов имидждік және бірқатар инвестициялық жобаларды қысқартудың арқасында 300 млрд теңге көлемінде бюджеттік қаржыны үнемдеуге болатынын мәлімдеген еді.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бюджетті оңтайландырудың жалпы сомасы 32 млрд теңгеден асты, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында. Бұл үнемделген қаражат нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге, қаланың инфрақұрылымын дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға жұмсалады

«Экономиканың нақты секторы мен инфрақұрылымды қолдауға 14,5 млрд теңге бөлінді. 3,6 млрд теңге білім беру, денсаулық сақтау салалары мен әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды. 3 млрд теңгеден астам қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін беріледі», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов. 

Еліміздің мәдениет және спорт министрлігі де шығындарын біршама азайтқан. Ол үшін ғимараттарды жалға алу құнын төмендету үшін оларды сенімді басқаруға беру ісі қолға алынды. Нәтижесінде алдағы 10-15 жылда жергілікті бюджеттің шығыны 23 млрд теңгеге дейін қысқарады. Яғни, жылына 1,5 млрд теңгеге дейін кемитін болады.

 

Фото: liter.kz