«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 400 млрд теңге бөлінді

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 400 млрд теңге бөлінді

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат АӨК, өңдеу және қызмет көрсету салаларына бағытталады.

«Азық-түлік өнімдерінен бастап, дәрі-дәрмек пен құрал-жабдыққа дейінгі 300-ден астам тұтыну тауарын өндіруді ұсынған 133 қызмет түріне қолдау көрсетіледі», - деп мәлім етті ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Кредит 10 жыл мерзімге ұсынылады, сомасына шектеу жоқ. Сыйақы мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды.

«Егер кепілдер бойынша мәселелер болса, егер кепіл жеткілікті болмаса, онда мемлекеттік кепілдендіруді алу қарастырылған», - деді Руслан Дәленов.

Министрдің айтуынша, бұл шаралар кешені еңбек нарығы мен экономиканы тұрақтандыруға ықпал етеді.

 

​Фото: zakon.kz​