USAID коронавирус пандемиясымен күрес үшін Қазақстанға қосымша қаражат бөлді

USAID коронавирус пандемиясымен күрес үшін Қазақстанға қосымша қаражат бөлді

USAID коронавирус пандемиясымен күрес үшін Қазақстанға қосымша 500 000 доллар бөлді. Осылайша, АҚШ үкіметінің еліміздің COVID-19 пандемиясымен күресіне қосқан жалпы үлесі 3,79 миллион доллардан астам соманы құрады. Қосымша қаржыландыру Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қорына вирус қаупі жөнінде ақпараттандыруды жетілдіру және індет профилактикасы мен онымен күресті күшейту үшін бөлінетін болады.

USAID Агенттігі ЮНИСЕФ арқылы барынша қорғалмаған топтар мен қауымдастықтарға қолдау көрсетеді. Оған қоса, АҚШ үкіметімен қаржыландырылатын Қазақстандағы Қызыл Ай қоғамымен серіктестікте ЮНИСЕФ қорғалмаған топтармен жұмыс істеп, олармен COVID-19 алдын алудың озық тәжірибелері және машықтарымен бөлісе отырып, жалған ақпараттың таралуын болдырмау мақсатында байланыстарды нығайта түседі.

Соңғы 20 жыл ішінде АҚШ елімізге 2 миллиардтан астам доллар қаржы бөлген, соның ішінде 86 миллионнан астам доллар туберкулез және АИТВ сияқты аурулардың тарауын болдырмайтын қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған медициналық көмекке жұмсалды.

 

Фото: ca-portal.ru