Қытай пандемиядан кейін мал шаруашылығын дамытуға басымдық береді

Қытай пандемиядан кейін мал шаруашылығын дамытуға басымдық береді

Мал шаруашылығын жаңғырту. Қытай Халықтық Республикасы ауыш шаруашылығын қарқынды дамыту арқылы халықтың табысын арттыруға ниетті. Бұл орайда Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына үлкен сенім артылып отыр. Өңірде билік өкілдерінің қолдауымен түйе өсірушілер кооперативі құрылған. Дейтұра,  мұнда алғашқы тоқсанның қорытындысы бойынша экономика 2% төмендеген. Бұл коронавирус індетінің таралуына қатысты елде қолға алынған шектеу шараларымен байланысты, дейді мамандар. 

«Кооперативке әлеуметтік аз қамтылған 115 отбасы кіреді.  Олар жыл сайын 30 мың АҚШ долар көлемінде дивиденд алып тұрады. Алдағы уақытта да бұл үлес пайда көлемі арттып, біз сияқты шағын кәсіпорындардың іргесі кеңейе түсетініне сенімдімін», - дейді мал шаруашылығы кооперативінің басшысы Нурмамет Йимин.

Тағы бір кәсіпорында үй қояндары бағып-күтіледі. Осы арқылы жақын маңдағы елді-мекен тұрғындары жұмыспен қамтылған.  Үй қояндары ерекше күтімді талап етпейді. Бар болғаны күніне екі рет азық берсе жеткілікті.

«Біз күйеуім екеуіміз алдымен қояндарды өз фермамызда өсіреміз. Кейін ересектерін осы кәсіпорынға тапсырамыз. Біздегі шаруалардың көбі осылай жұмыс жасайды. Табысы да жаман емес», - дейді орайда Шыңжаң  Ұйғыр автономиялық ауданының тұрғыны Мухабат Миджит

Кәсіпорын басшыларының айтуынша, өндіріс іргесін кеңейту жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

«Бізбен әріптестік орнатқысы келетін шаруалардың қатары артып келеді. Сондықтан бұл кәсіпорын аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Өндіріс желісі артады. Жақында азық фабрикасы іске қосылады. Қазір құрылғылар орнатылып жатыр», - дейді қоян өсіру кәсіпорынының бас директоры Чжэн Цзяньфэй.

 

Фото: kursiv.kz​