Төтенше жағдай шаштараз қызметіне де әсерін тигізді

Төтенше жағдай шаштараз қызметіне де әсерін тигізді

4 мамырдан бастап карантин шаралары жеңілдетіліп, ел бойынша шаштараздар ашылды. Алайда қызмет құны сәл қымбаттағаны байқалады. Шамамен шаш қидырудың бағасы 5% өскен.

Сала мамандары бұны төтенше жағдайға байланысты шектеу шараларымен байланыстырып отыр. Жұмыс уақытының көп бөлігі ғимараттың іші мен құралдарды залалсыздандыруға кетеді дейді, олар. Сондай-ақ бір уақытта тек үш адамның шашын қию рұқсат етілген. Сұраныс көп бірақ оларды қабылдауға уақыт жетпейтін көрінеді.

«Адамдардың көбі оқшаулауда отырғандықтан6 бәрінің де шаштары өсіп кеткені белгілі. Ашылғалы бәрі шаштарын қидырғысы келеді. Әсіресе ер адамдар көп келеді. Сұраныс артты», - дейді шаштараз директоры Елена Чалышева.

Сондай-ақ тек қана шаш үлгісін жасап, қидыру қызметімен ғана шектелу тиімсіз болып кетті дейді, сала мамандары.

«Салондардың жағдайы мәз емес. Қазір шаш қидырғысы келетін адамдар ғана  алдын-ала жазылып жатыр. Әзірге өзге косметологиялық қызметтеріміз жабық. Көп ұзамай ол қызмет түрлері де іске қосылса дейміз. Жалғыз шаштараз қызметі бизнес шығынын көтермейді», - дейді сұлулық салонының директоры Руфина Киякбаева.

Кәсіпкерлер шығынды өтеу үшін баға көтеуге мәжбүр, өйтпесе жеке кәсіптерін жабуға тура келетінін айтады.

 

Фото: ru.sputniknews.kz​