Мұнай құны құлдырап тұр

Мұнай құны құлдырап тұр

Шілдеге Brent маркалы мұнай фьючерстері 2% төмендеп, барреліне 25,9 долларды құрады. Бұған Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:20 сауда-саттық мәліметтері дәлел. Нақты айтсақ, WTI 6,27% арзандады. Сөйтіп, АҚШ мұнайының бағасы барреліне 18,48 долларға дейін түсті. Айта кетейік, ОПЕК+ жаңа келісімі 1 мамырдан бастап  күшіне енді. Оның аясында қатысушылар өндірістің жалпы көлемін  тәулігіне 9,7 миллион баррельге қысқартуға міндеттелген болатын.   Бұған дейін хабарлағанымыздай сатып алушылардың азаюы мен қоймалардың қысқаруына байланысты мұнай танкерлерде сақталған. Олар толған сәтте өнім желілік құбырларға құйылады.

Фото: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: thebalance.com